Елбасы Жолдауын насихаттауға батысқазақстандық «нұротандықтар» кеңінен атсалысуда

ОРАЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауын насихаттауға батысқазақстандық «нұротандықтар» кеңінен атсалысуда.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет хабарлады. Оның айтуынша, әр ауданға бөлінген үгіт-насихат топтарының құрамында «Нұр Отан» партиясының мүшелері бар. Бұлардың бәрі де ауыл-аймаққа барып, Елбасы Жолдауының басты бағыттары жөнінде әңгімелеп, өңірде қолға алынатын жұмыстарды баян етіп қайтты. Айталық, К.Нығмет Тасқала ауданы Мереке ауылында болса, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков өз тобымен Қаратөбеге сапар шекті. Сол секілді облыстық филиал жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Мұхтарова ? Ақжайық, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Сатыбалды Төлепов шалғайдағы Жәнібек ауданында болып, биылғы Жолдаудың мән-мақсатын түсіндірді. Мұндай кездесулер Орал қаласында да жиі ұйымдастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғаса беретін болады.