ОРАЛ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауының әр қазақстандыққа тікелей қатысы бар. Өйткені Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын саралаған Президент елдің қарқынды дамуы халықтың еңбегі деп санайды.
Әрине, мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық ролі айқын. Бұл туралы «БҚО азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі басшысының орынбасары Сергей Дмитрюк мәлім етті.
Оның айтуынша, Елбасы бұл жолы әлеуметтік салаға басым көңіл бөлген. Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселесі азаматтардың аз қамтылған жіктеріне ерекше жақын. Сондай-ақ бюджет қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақы мен шәкіртақының өсуі қуанышпен қабылданып отыр.
«Біз БҚО азаматтық қоғамының өкілі ретінде маңызды мемлекеттік міндеттерден шет қалмаймыз. Қайта Елбасы Жолдауын бұқара халықтың арасында түсіндіруге, жүзеге асыруға белсене араласатынымыз хақ», деді С.Дмитрюк.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).