16:37, 03 Сәуір 2009
Елбасы Жолдауына сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар әлеуметтік сала нысандарын күрделі жөндеуді жүзеге асыратын болады
ОРАЛ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауына сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар әлеуметтік сала нысандарын күрделі жөндеуді жүзеге асыратын болады.
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Андар Шоқпытовтың ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, бұл ауқымды жұмысты корпорация қазақстандық кәсіпорындардың қатысуымен облыс басшылығымен бірлесіп атқарады. «Батыс» ӘКК», сондай-ақ республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге де атсалысады. Бұған мүмкіндік те, дайындық та жетерлік.