Елбасы Жолдауына сәйкес ауылда атқарылар іс сан алуан ? ауыл әкімінің пікірі

ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауына сәйкес әр ауылда сан алуан істі атқаруға болады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараоба ауылының әкімі Гүлшат Селенова мәлім етті. Оның айтуынша, әр елді мекенді көтеру үшін қаржы бөлінетіні, әрине, қуанышты. Бірақ мұны күтіп отыра беруге де болмайды. Ауылдың қандай болмағы басшысына байланысты. Айталық, Қараоба 2004 жылы аудандағы ең үздік ауылдық округ атанды. Жүлдеге тігілген 200 мың теңгеге ауыл жастары тұңғыш Президент атындағы саябақтың тұсауын кесті. Ауылды газбен, таза сумен қамту да шешілген. Биыл бос тұрған ғимарат балабақшаға айналып, оған елу бүлдіршін қабылданды. Ауыл әкімінің ендігі мақсаты ? жыл аяғына дейін мешіт құрылысын жүргізіп, іске қосу. Қазір халық бұған өз еріктерімен қаржы жинауда. Биыл сондай-ақ Ғұмар Қараш атындағы мектеп-гимназияға ? 71 млн., мәдениет үйіне 16 млн. теңгеге күрделі жөндеу жасалмақ. Болашақта бұрынғы ауыл моншасы да қалпына келтірілмек. Әрине, мұның бәрі ұйымдастыруға байланысты.