Аудан әкімі Рахман Кариннің айтуынша, 2010 жылы жұмыссыздықты мейлінше азайту және халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында жергілікті бюджеттен ақылы қоғамдық жұмыстарға - 18,076 млн. теңге, жұмыссыздарды кәсіби оқу және қайта даярлауға - 2,074 млн. теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға - 1,461 млн. теңге, барлығы 21,611 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның сыртында республикалык бюджеттен жастар тәжірибесіне 6,6 млн. теңге беріліп, 110 жас маман жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға жыл бойы 550 адам қатынасты, кәсіби оқу және қайта даярлауга 47 адам жолданып, әлеуметтік жұмыс орындарында 122 адам жұмыс жасады.
Аудан бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылган отбасылар саны 191, онда 1042 адам жұмыссыздар қатарында болды. 2009 жылы 242 отбасындағы 1065 адамға 16 млн. 370 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленген болатын. 2010 жылы аз қамтылған отбасылар саны азайып, 579 адамы бар 135 отбасына 13 млн. 102 мың теңге төленді. Сондай-ақ 2010 жылы 992 отбасындағы 2349 балага 32 млн. 836 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы берілді.
2010 жылы төрт жоба «Жол картасына» енгізіліп, онда 37 адам жұмыс жасап, жаз айларында табыс тапты. Жыл ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 280, қоғамдық жұмыстарға -550, әлеуметтік жұмыс орындарына 122 адам жолданып, жұмысқа қосылды. Кәсіби даярлаудан өткен 47 адамның 46-сы жұмысқа орналасты. 2009 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 7,2 пайыздан 6,8 пайызға дейін төмендеді. Алдағы уақытта да әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету міндеті тұр.