Елбасы Жолдауында айтылғанындай, ел бірлігін сақтау - әр азаматтың парызы - Қ.Орынбасаров, майдангер, БҚО

ОРАЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасының бүгінгі Жолдауында айтылғанындай, ел бірлігін сақтау - әр азаматтың парызы.

Бұл туралы Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагері Қосаман Орынбасаров мәлім етті.

«Елбасымыз алға қойып отырған міндеттер бұрынғыдан да күрделірек, бұрынғыдан да маңызды. Сондықтан оны орындауға әр азамат үлес қосуы тиіс. Елімізде ауызбірліктен, достықтан артық ештеңе жоқ. Біз осыны сақтай білсек, қандай қиындық-дағдарысты да жеңіп шығамыз. Әсіресе, біздер, соғыс көрген ардагерлер тыныштықтың қадірін жақсы білеміз. Көп ұзамай Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да тойланатын болады. Бұл ретте Елбасы тарапынан майдангерлерге қамқорлық ұдайы жасалып келеді. Алдағы уақытта да солай боларына сенімдіміз», деді Қ.Орынбасаров.