деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.
«Еліміздегі 5 миллионнан астам халқымыздың, сонымен бірге, Парламентіміздің, бүкіл азаматтық қоғамның референдум өткізу туралы бастаманы қолдауына қарамастан, Елбасымыз кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді Президентіміз қазіргі өкілеттігі екі жылға қысқаратынына да қарамастан қабылдап отыр. Сондықтан осы өте маңызды қадам - Президентіміздің әрқашанда мемлекетіміздің, еліміздің мүддесін бәрінен де жоғары бағалайтынын, Конституциялық және демократиялық принциптерге өзінің адалдығын тағы да көрсетті», деді ол Елбасының бүгінгі үндеуіне қатысты берген сұхбатында.