Елбасының жұмыс сапарының екінші күні жүгері мен соя гибридтерінің тұқымын өсірумен айналысатын «Будан» селолық тұтынушылық кооперативінің селекциялық учаскесінен басталады.
Одан кейін, Нұрсұлтан Әбішұлы сапар бағдарламасы бойынша «Айдарбаев» шаруа қожалығына ат басын тірейді. Елбасының аймаққа сапары Есік қаласындағы перзентхана ұжымымен болатын кездесумен аяқталады.