«Министрлік тиісті органдармен бірлесе индустрияландыру күнін өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл шараны «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оны өткізу шамамен 2011 жылдың 9 желтоқсанына белгіленуде»,-деді Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде тікелей эфир барысында іске қосылатын жобалардың тізімі жасалған. Сонымен қатар аталған телекөпір барысында «Алтын сапа» және бизнестің жауапкершілігі саласындағы «Парыз» дәстүрлі сыйлықтары тапсырылады.