Бүгін Мемлекет басшысы облыстың Меңдіқара ауданындағы Первомайское селосында болып, «Раскуль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқаптарын аралайды. Н.Назарбаев аймақ дихандарымен кеңес өткізеді деп пайымдалуда. Одан кейін «Қазақтелеком» АҚ-ның байланыс операторы Елбасының қатысуымен компанияның жаңа қызметі - Интернетке қосылудың Megaline Mobile 3G қызметінің таныстырылымын өткізеді.
Қостанай облысы - еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде стратегиялық маңызға ие аймақ. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс 244,8 миллиард теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді, ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 70 миллиардтай теңгені шамалады. Облыста сондай-ақ, 27 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъекті жұмыс істейді. ал ағымдағы жылы аймақ 3,4 миллион тонна астық жинауды жоспарлап отыр.