Соңғы екі аптада Семей, Риддер, Өскемен, Глубокое және Бесқарағай аудандарында өрт оқиғалары жиілеп кетті. Әсіресе, бау-бақша қоғамдары мен ашық иесіз жатқан аумақтар өртке жиі шалынуда. Өрттің кең тараған себептерінің бірі - халықтың отқа абайсыз қарауы. Өрт сөндірушілер облыс тұрғындарына үндеу тастап, таза ауаға серуенге шыққанда алауларға қырағы болуға шақыруда.
15:05, 26 Сәуір 2010
Елдің шығысында дала өрті басталды
СКЕМЕН. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Елдің шығысында тасқын судың беті қайтқаны сол еді, енді өңірде дала өрті басталды. Өрт сөндіру жасақтары өткен тәулікте 39 рет дала өртін сөндіруге аттанған. Өрт 54 гектар аумақта тіркеліп, былтырдан қалған құрғақ шөпті жалмаған, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.