отандық электрондық ақша нарығы дамиды және одан әрі кеңейетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкісінде таратқан заңға түсіндірмеде айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеде ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді.
Бұған орай «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» туралы, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс және толықтыру енгізілген еді.
ҚР Ұлттық банкінің түсіндерме хабарламасында айтылғандай, заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес, электрондық ақшаны шығару құқығы екінші деңгейдегі банктерге беріледі. Сонымен бірге жеке ұйымдар, эмитент банктер айналысқа шығарған электрондық ақшаны таратумен және оларды пайдаланып, жасалатын операцияларға қызмет көрсетумен айналыса алады.
Электрондық ақша шығаруды электрондық ақша иелерінен алдын-ала алған қаражат шегінде эмитент жүзеге асырады. Эмитент банктер өздері шығарған электрондық ақшаны өтеуге қабылдауға немесе оларды қолма-қол ақшаны беру, немесе электрондық ақша иесінің талап етуі бойынша оларды банк шотына аудару арқылы номиналдық құны бойынша нақты ақшаға айырбастауға міндетті. Эмитент 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығарылған жағдайда электрондық ақша иесінің жеке басын анықтауға міндетті. Электрондық ақша иесі жасайтын бір операцияның ең көп сомасы 500 АЕК-ке тең сомадан аспауы тиіс.
ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары бұл өзгерістер бірқатар мәселелерді оңынан шешеді деген пікірде. «Болашақта электрондық ақша төлемнің танымал құралы болуы мүмкін, өйткені олардың пайда болуына байланысты Интернет арқылы сатып алу халық үшін анағұрлым қолайлы болады. Болашақта мұндай инновациялар қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып, жеке тұлғалар үшін қаржы қызметтерінің қолжетімділігін едәуір арттыруға қабілетті», - дейді Ұлттық банк сарапшылары.