Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін қазақстандық үлесті арттыруға қарай жетілдіру керек - «Атамекен» одағы» ҚҰЭП

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосуға ниетті, деп хабарлады ҚҰЭП басшысы Азат Перуашев.

А.Перуашевтың пікірінше, «Атамекен одағы» басшылығы алдағы екі-үш жылда электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімді жұмысы өзекті тақырыпқа айналатынына сенімді.