Мемлекет әділ баға бойынша сатып алулардың барысын электрондық сауда жолымен бақылаған жөн деп санайды және бұл оның тарапынан атқарылып отырған негізді және маңызды жұмыс», - дейді республикалық Кен өндіруші және кен-металлургиялық қауымдастықтың басшысы Николай Радостовец.
Ол сондай-ақ, баға ұсыныстарына сұрау салу әдісімен электрондық мемлекеттік сауда жүргізудің жалпыға міндетті ережесі мемлекеттік органдар үшін де, ұлттық компаниялар үшін де тиімді екенін, осының арқасында олар өз шығындарын азайта алатынын атап көрсетті. Дегенмен, өз электрондық сауда алаңдарын ашу туралы шешім қабылдаған жеке кәсіпорындар да баршылық.
«Әр компания өз жұмыс тетігін таңдайды. Тиімді болатын кей жағдайларда, олар электрондық сауданы енгізеді. Ал кейде қалыпты жүйемен жұмыс істей береді. Әдетте, мұндай жағдай кәсіпорын басшысы өз менеджерлеріне сенетін және оларға лайықты жалақы төлейтін кездері орын алады», - дейді Н.Радостовец.