«Олимпиаданың қола жүлдегері және өте жақсы кәсіби боксшы Андре Диррелмен бірге. Кездескеніме қуаныштымын!», - деп жазды Данияр Instagram-ға жүктеген суретінің астына.
Қазір қазақстандық келесі қарсыласы, никарагуалық Маркс Мохикамен бірге алдағы айқасына дайындалып жатыр. Бұл жекпе-жек 24 қарашада өтеді.
Диррелл Олимпиада-2004-тің жартылай финалында Геннадий Головкиннің қарсыласы болған еді. Геннадий ол айқаста ұпай санымен жеңіске жетті.