ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Орман» жедел алдын алу шарасы барысында 23 қаңтарда Бөрлі ауданы Жарсуат ауылы маңындағы тоғайда учаскелік полиция инспекторлары 1959 жылғы В. деген азаматты қолға түсірді.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған азамат заңсыз аң аулаумен айналысып, елікті атып түсірген. Оқиға орнында аңшы мылтығы мен еліктің еті тәркіленді.
Осы аудан орталығы Ақсай қаласында 20 қаңтарда полицейлер 1969 жылғы И. деген азаматты ұстады. Оны тінткен кезде полиэтиленді орам табылды, сараптама қорытындысына сәйкес бұл 182,93 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Орал қаласының полицейлері 21 қаңтарға қараған түні үш бірдей автомашинаға түскен 20 жасар Б., 18 жасар Е. және 16 жасар Р-ны құрықтады. Олардың бәрі де қаладағы оқу орындарында білім алады екен.
Өңірде мал ұрлығы да тыйылар емес. Ақжайық ауданы Төре нүктесінен тайөгіз жоғалған болатын. Полицейлер осыған күдікті Қарауылтөбе ауылының 37 жасар Т. мен 23 жасар С-ні тізгіндеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).