деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2008-2009 жылдарда біздер экономиканың бір саласынан екінші саласына өткен дағдарыс жағдайында өмір сүрдік. Қазір тоннелдің соңындағы жарық айқын көрініп тұр. Маған бүгін таңертең Статистика агенттігі алғашқы 4 айдың нәтижесін баяндады. Олар айтарлықтай көңіл қуантады. Алғашқы 4 айда ішкі жалпы өнім алдын ала дерек бойынша, 7,6 пайызды құрады», деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысының пікірінше, бұл іс жүзінде тәуір нәтиже болып табылады.