Өткен жылдың қаңтар–қараша аралығында Қазақстаннан басқа елдерге жаңа сойылған, салқындатылған немесе мұздатылған 38,6 мың тонна ет жеткзілді. Бұл 2021 жылға қарағанда 6,5%, ал пандемияға дейінгі (2019 жыл) кезеңмен салыстырғанда 66,9% артық. Ет импорты айтарлықтай жоғары 144,5 мың тоннаны құрап отыр (импорттың 88% құс еті). Дегенмен аталған көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 45,7% аз.
Айта кетейік, ет экспорты тұрақты түрде артып, соңғы екі жылда импорт төмендеп келе жатқанымен, Қазақстанда сыртқа шығарудан гөрі шетелден 4 есе көп ет әкелінеді. Проблема құс шаруашылығымен байланысты.
Ет өнімдеріне қатысты жағдай да мәз емес. Қазақстанда ет өнімдерін экспорттау көлемі өте аз. Айталық, былтыр 11 айда небәрі 149 тонна өнім экспортталған. Ал импорт 39,1 мың тонна, бұл экспорттан 262 есе көп.
Экспорт көлемін 2021 жылмен салыстыратын болсақ, өсуді байқауға болады. Алайда 2019 жылмен салыстырғанда құлдырау 63,4%. Өткен жылғы қазақстандық ет экспорты импортпен салыстырғанда шұжық көлеміне ғана тең.
Импорттаушылардың отандық ет комбинаттарында көлемнің болмауына байланысты өнімдерді жеткізуді ұлғайтуы Қазақстандағы ресурстардың теңгерімін растайды.
Өткен жылғы қаңтар-қарашадағы диаграмма отандық фермерлердің халық қажеттілігін қой еті бойынша 100%, сиыр еті 98,6% , жылқы еті 97,5% және шошқа етін 90,3% қамтыған. Соңғы санатқа құс еті, консервілер мен шұжық өнімдері орналасқан.
Қазақстанда ет кластерінің қалай дамып жатқанын өндіріс статистикасынан байқауға болады. Мәселен, соңғы екі жылда еліміздегі ет өндірісі оң динамиканы көрсетті. 2021 жылы ірі қара, қой, шошқа және жылқы етін өндіру көрсеткіштері 8,1%. Былтыр ол 3,9% өсті.
2021 жылы тауық және басқа да үй құстары етін өндіру 9,7%, өткен жылы 4,2% ұлғайды.
Ет өнімдерін өңдеу бойынша жағдай басқаша яғни динамика тұрақсыз. Атап айтқанда, 2021 жылы ет және ет-өсімдік консервілері бойынша өндіріс 27% қысқарды. Өткен жылы өсім оң болғанымен 2021 жылдан қалған қажеттілікті жаба алған жоқ.
Қазақстанда шұжық жеткіліксіз көлемде өндірілсе де, динамика тұрақты. 2021-2022 жылдары өсуін жалғастырды.
Қазақстанда ет өңдеу өнеркәсібінің баяу дамуы себептерінің бірі фермерлердің бәсекеге қабілетті қайта өңдеу кешенін салу үшін инвестицияның жетіспеушілігі. Өз кезегінде шетелдік инвесторлар тұрақсыздыққа байланысты қазақстандық жобаларға ақша салуға асықпайды. Мұндай пікірді Қазақстан ет одағының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев келтірді.
Ет одағының басшысы өз ойын Қазақстан нарығынан McDonald 's компаниясы кеткеннен кейін жазды. Елімізде жоғары халықаралық стандарт бойынша өнім ұсынатын ет комбинаттары жоқ екені белгілі болды. Халықаралық стандартқа сәйкес келетін кәсіпорынды 2020 жылы итальиялық Cremonini компаниясы іске қосуы тиіс еді. 2016 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен меморандум жасалған.
Дегенмен М.Бақтыбаевтың айтуынша, бейінді министрлік істі даму векторын екі рет өзгертті. Сондықтан да инвестор жобаны қысқартып, қатысудан бас тартты.
Бұл жалғыз мысал емес. Бұған дейін ет магнаты, австралиялық Cedar Meat компаниясы Қазақстандағы инвестициялық жобасын аяғына жеткізбей кеткен еді. 2018 жылы аталған фирманың өкілі Эндрю Фернихоф Өскеменге келді. Ол Altay Invest-2018 инвестфорумында ШҚО Аягөз ауданында ет өңдеу кешенін салу туралы келісімге қол қойды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба әлі де пысықталу үстінде.
Сол инвестфорумда Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі инвестордың ет кластеріне келуі туралы айтылды. Корольдік отбасының өкілі Халифа бен Халид 45 миллион доллар инвестиция құюды көздеді. Одан бөлек, АҚШ ШҚО Бородулиха ауданында күркетауық етін өндіретін агроферма салатыны айтылды. Бірақ, бір жылдан кейін инвестордың өз ойын өзгерткені белгілі болды.