Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, өткен айда баға азық-түлік тауарларына 1,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға - 0,3 пайыз, ақылы қызмет көрсетулерге - 2,8 пайызға өскен. Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсуі жеміс пен көкөніске 2,9 пайыз, қантқа - 1,9 пайыз, сүт өнімдері мен жұмыртқаға - 1,7 пайыз, кофе, шай және какаоға - 1,6 пайыз, май және мал майына - 1,2 пайыз, ет өнімдеріне - 1,1 пайыз бойынша байқалған. Ал бағаның төмендеуі нан және жарма өнімдеріне 0,6 пайызды, ал нанға - 0,5 пайызды, жармаға - 0,7 пайызды, күрішке - 1,4 пайызды, ұнға - 2,5 пайызды құраған.
Сонымен бірге, баға деңгейі жуу және тазалау құралдарына 0,3 пайыз, киім мен аяқ киімге, ыдысқа - 0,5 пайыз, газеттер және кітаптарға, жеке гигиена тауарларына - 0,7 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге 1 пайызға өсті. Бұдан басқа бензин бағасы 2 пайызға төмендеп, дизель отынына - 0,3 пайыз, көмірге - 0,7 пайызға көтерілген.
Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтің өсуі суық суға 9,7 пайыз, электр энергиясына - 9 пайыз, орталықтан жылытуға - 2,6 пайыз, ыстық суға - 1,7 пайызға көтерілді. Ал байланыс қызметтері 8,3 пайызға қымбаттады. Жергілікті темір жол жолаушылар көлігі қызметінің құны 6,5 пайызға өскен.