Атап айтқанда, маусым айында өткен аймен салыстырғанда көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату бағасы 2,1 пайызға, ал көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату және оны жалға беру бағасы 1,8 пайызға өскен. Жаңа тұрғын үйлердің сату бағасы да 1,5 пайызға артқан.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, елімізде жаңа тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы 180 мың 482 теңгені құрайды. Ал көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату шаршы метріне 140 мың 559 теңге болып отыр.