Еліміздің Статитика агентігінің мәліметтері бойынша, халықтың нақты қаржы кірістері 7,6 пайызға өсті. Орташа жан басына шаққандағы қаржы кірістері бойынша алдыңғы орында Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы тұр. Бұл аймақтарда аталмыш көрсеткіш орташа республикалық межеден 2,2-1,8 есеге көп болып отыр. Ал керісінше кірістері өте төмен аймақтардың қатарында Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары тұр. Ондағы кірістердің құны республикалық деңгейге шаққанда 55,8 және 81,9 пайыз болып отыр. Нақты қаржылай кірістердің өсімі Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.
Аймақтар бойынша номиналды қаржылай кірістердің ең жоғары және төменгі көрсеткіштерінің айырмашылығы қыркүйек айында 4,0 есеге жетті, ал 2009 жылдың қыркүйегінде ол 3,9 есе болатын.