«Өкінішке қарай, «Самұрық-Қазына» холдингі құрамында шағын профильді инвестицияларға ұмтылулар пайда болды. Бұл институт та кредиттің нашар қоржынына ие. Ендеше, бұл тұсты дұрыстап қарау керек. Соған орай, Үкімет жанынан «Ұлттық даму агенттігі» акционерлік қоғамын құруды тапсырамын. Оған бүгінгі барлық мемлекеттік даму институттары, қаржы ұйымдары берілуі тиіс», - деді Президент.
Бұдан бөлек, Елбасы аккредиттелген ұзақ мерзімді кредиттермен айналысатын Қазақстанның Даму Банкінің қызметіне тоқтала келе, бұндай шараны екінші деңгейлі коммерциялық банктер атқара алмайтынына тоқталып өтті. «Олар қысқар мерзімді, ал мыналар ұзақ мерзімді кредиттер берумен айналысуы қажет. Ал бұлар қазір не істеп жатыр? Сол үшін жаңа агенттік нақты экономикалық дамуға жұмыс істеуі керек», - деді Н. Назарбаев.