Министрдің айтуынша, есірткіге қарсы күресте Қазақстанда екі басты проблема бар. Оның бірі ауған героинінің транзиттері болса, екіншісі Шу алқабындағы база болып табылады.
«Полиция елдің ішкі жағындағы есірткімен күреске баса назар аударып келеді. Мұның бір айғағы, биыл елімізде 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде есірткі сатудың 1900 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 23 тонна есірткі алынды. Оның 107 келісі героин»,-деді Қ. Қасымов.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, жыл басынан бері 16 арнайы операция жүргізілген. Соның нәтижесінде есірткі қылмысын жүзеге асырудың 60 оқиғасы бойынша 9 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған. Осы топтардан 800 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин тәркіленген.