ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында бірқатар стратегиялық жоспарлар белгіленген. Осы орайда, біз эмиграция мен шетелдік жұмыс күшін тартуды адам капиталының негізгі көзі ретінде қарастырудамыз. Бұл Қазақстанның көші-қон саласындағы саясатын жетілдіруді көздейді. Сондықтан бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа редакциядағы «Көші-қон туралы» заңды әзірлеуде. Бұл құжат еліміздегі көші-қон саласындағы саясатты толығымен жаңартуға бағытталатын болады», дейді Б.Нұрымбетов.