Әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселесі алғаш рет байқалып отырған жоқ.
Өткен жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі жұмыссыздар саны 450,3 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға аз.
Қазақстанда жұмыссыздар саны екінші жыл қатарынан қысқарып жатыр. Дегенмен 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш әлі де 1,9%-ға жоғары.
Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі бір жылда өзгерген жоқ. Өткен жылдың үшінші тоқсанында 4,9%, 2020 жылдың тиісті кезеңінде көрсеткіш 5% еді.
Ал 2019 жылдың үшінші тоқсанында ол 4,8%-ды құрады.
2022 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды. Яғни 5,3%.
Сондай-ақ, Алматы мен Шымкентте, Қызылорда облысы және БҚО-да жұмыссыздықтың орташа деңгейі 5%-дан жоғары болды.
Өңірлер арасында жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Ұлытау облысында (4,1%). Одан кейін Қарағанды облысы (4,3%) және Астана қаласы (4,5%) орналасқан.
Қалаларда жұмыссыздық деңгейі ауылдарға қарағанда жоғары 4,9 пайыз көрсеткіш 4,8%-ға қарсы.
Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда қалаларда жұмыссыздық деңгейі төмендеді, ал ауылдарда керісінше өсті.
Қалалық жерде жұмыссыз халық саны бір жыл ішінде 0,7%-ға, яғни 271,2 мың адамға қысқарды, ал ауылда 0,8%-ға, немесе 179,1 мың адамға дейін өсті.
Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі ерлер деңгейінен едәуір жоғары. 5,7% қарсы 4,1% және бұл көрсеткіш 2012 жылдан бері ең үлкен алшақтық ретінде сақталып келеді.
Бір жыл бұрын әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 5,5%, ал ерлер арасында 4,3%-ды құрады.
Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3%-ға өсіп, өткен жылдың үшінші тоқсанында 257,4 мың адамға жетті, ал жұмыссыз ерлер саны 5,5%-ға яғни 192,9 мыңға дейін қысқарды.