Д.Ақышев Ұлттық банктің алдағы уақытта маңызды жұмыстарының бірі ретінде Елбасының тапсырмасына сәйкес ел экономикасын долларсыздандыру болып отырғандығын, бұл бағыттағы жұмыс Үкіметпен бірлесіп қолға алынғанын атап өтті.
«Теңгенің рөлін арттыру үшін экономикалық ынталандырудың ғана емес, сол сияқты рәсімдік сипаттағы шаралардың толық кешенін іске асыру жоспарлануда. Мәселен, еліміздегі активтердің барлық түрлерінің өлшемі мен бағаларын көрсету тек қана ұлттық валютада жүзеге асырылуға тиіс», - деді ол.
Сонымен қатар ол мұндай бастамаларды іске асыру Ұлттық банк пен Үкіметтің белсенді және өзара тығыз ынтымақтастығы жағдайында ғана мүмкін екендігін баса айтты.