Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
«Дағдарыс кезеңінде Ұлттық банк жеке тұлғалар үшін қайтарып беруге кепілдендірілген депозит мөлшерін 7 есеге арттырды. Бұл 5 млн. теңгені немесе 3 мың 300 доллларды құрады. Осының арқасында жұртшылықтың банктік жүйеге сенімі артып, жергілікті депозиттер көрсеткіші 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты», - дейді министр.