Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, 2012 жылы әлеуметтік салаға жұмсалатын қаржы көлемі 1 триллион 210 миллиард теңгені құрамақ. Бұл қаржының басым бөлігі, яғни 93 пайызы әлеуметтік төлемдерге жұмсалмақ. 3 жылдық бюджетте аталмыш төлемдерге 3 триллион 737 миллиард теңге қарастырылған. 2012 жылы әлеуметтік төлемдер құны 1 триллион 128 миллиард теңгені құрамақ.
«Бұл сала бойынша шығыстардың өсімі зейнетақы мен жәрдемақыны алатын азаматтар санының артуымен түсіндіруге болады. Сонымен жағдайдың бұлайша қалыптасуы азаматтарды әлеуметтік төлемдермен толық қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғасуымен байланысты болып отыр. Мысалы 2012 жылы ынтымақтық және базалық зейнетақының мөлшері 9 пайызға артады»,-деді министр.