деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Азаматтық авиация саласында әуе кемелері паркінің тозуы проблемалары бар. Бірқатар себептер бойынша Қазақстан әуе компаниялары (Еуропалық комиссияның) «қара тізімге» енгізілді»,-деді министр.
Ә. Құсайыновтың сөзіне қарағанда, азаматтық авиация қызметін қадағалауды күшейту үшін Азаматтық авиация комитетінің штаттық саны өсіріліп, тиісті шаралар атқарылуда. «Осы бағыттағы шаралардың бірінші нәтижелері бар. «Қара тізімнен» бір әуе компаниясы шығарылды. Қалған компаниялар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың барысында біз бұл жағдайды түзетеміз»,-деді министр.