"Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Ақтөбе облысы аумағындағы қатты жел мен сырма боранға байланысты "Ақтөбе-Астрахань" жолының 175-330 шақырымындағы Шұбарқұдық-Атырау" аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Бұдан бөлек, Астана уақытымен сағат 14:00-ден бастап Батыс Қазақстан облысы өңірінен өтетін "Атырау-Орал" автожолының 492-189 шақырымы, сондай-ақ "Қазталовка-Жәнібек" жолының 0-162 шақырымында жолаушылар көліктеріне жолға шығуға тыйым салынды.
Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді. Оның байланыс телефоны (7172) 444-777. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.
15:26, 07 Ақпан 2012
Еліміздің батыс өңірінде республикалық маңызы бар жолдар жабылды
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнгі соңғы ақпарат бойынша еліміздің батыс өңіріндегі республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.