СТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райына суық атмосфералық ағым әсер ететін болады, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 0-4 градусқа дейін суытады.
Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар және күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жылдамдығы секундына 15-22 метрге жететін қатты жел соғады деп күтілуде.
Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.