Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті.
Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанның электр стансыларында 60 млрд. кВт/сағат энергия өндірілген. Бұл орайда еліміздің электр энергиясын тұтыну қарқыны да өсіп отырғандығын айтқан ол: «Қазіргі күні бұл көрсеткіш шамамен 60,8 кВт/сағат энергияны құрайды», деді.
Д.Тұрғановтың пайымдауынша, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орта Азия елдерінің энергия жүйелерімен қатар режімде тұрақты жұмыс істеуде.