36 жастағы үшінші ер адамды күйік шалған, ол ауруханаға барудан бас тартты.
Өртте қалған 30 жастағы әйелдің мәйіті ас үйдің еденінен табылды. Ал жеке басы анықталып жатқан екінші адамның мүрдесі бөлмедегі диван үстінен табылған. Үшеуі де алкогольді ішімдікке қатты мас болған. Көршілердің айтуынша, бұл жерде көбіне тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар жиналып, арақ ішетін болған.
Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлағандай, жыл басынан бері аймақ бойынша 44 адам, соның ішінде тұрақты мекенжайы жоқ 25 адам өрт құрбанына айналған.