Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігінде өткен 2010 жылдың қорытындылары мен 2011 жылдың жоспарларына арналған алқа мәжілісінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, осы жылы тартылғалы отырған инвестиция өткен жылғыдан 40 пайызға артық. Аталмыш қаржыға 623 шақырым жоғарғы құрылым жөнделетін болады. Сондай-ақ 69 локомотив пен 6070 вагон сатып алынып, 85 локомотив жөндеуден өтеді. Бұған қоса тағы 1200 жүк вагондары жөнделеді.
Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, теміржол саласына 2008-2010 жылдар аралығында тартылған инвестиция теміржол көліктері мен олардың құралдарының ескіруін 3 пайызға қысқартқан.