Бұл жайында бүгін өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер шарын айналып өтетін теңіз және құрлық экспедициясын біріктіру арқылы ақпараттық шараларды күшейтіп, қаржыны үнемдеуге болады. Экспедиция әлемнің әр түкпірінде Қазақстанның беделін көтеру мақсатында бірлескен шаралар өткізеді. Саяхатты жалғастырудағы ең басты бөгет - яхтаны мерзімінде дайындау. Қазіргі уақытта яхта күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп отыр, егер уақытында шыға алмасақ, онда жарты жылға кейінге қалдыруға тура келеді», дейді Д.Петрухин.
2007 жылы алғаш Қазақстандық жер шарын айналып өту экспедициясы «Шоқан Уәлиханов» яхтасымен Ақтаудан шыққан болатын. Ол жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болатындығын және 2011-Қысқы Азия ойындарының біздің елде өтетіндігін жариялап, мемлекетіміздің мәртебесін көтеру болатын.
Д.Петрухиннің айтуынша, қаражаттың жетіспеушілігіне орай экспедиция тоқтап қалған. «Шоқан Уәлиханов» яхтасы ұзақ уақыт тұрып қалғандығына байланысты күрделі жөнеу жұмыстарын жүргізіп, корпусын ауыстыру керек. Ал, оны ауыстыру үшін 2,5 миллион АҚШ доллары қажет. Осы мәселе әзірге шешілмей отырған көрінеді.