Мәнерлеп сырғанаудан жеке өнер көрсетуде алтын медальді ресейлік спортшы Елена Радионова иеленді. Жеке өнерде жеңімпаз қыздар еркін бағдарлама нәтижесі бойынша анықталды. Радионова барлығы 131,6 ұпай жинады. Екінші орында - қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева, алған ұпайы - 128,45. Үздік үштікті ресейлік тағы бір спортшы Мария Сотскова түйіндеді (128,18).
02:11, 25 Қараша 2017
Элизабет Тұрсынбаева Шанхайдағы турнирде «күміс» еншіледі
АСТАНА. ҚазАқапарат -Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда өткен Shanghai Trophy турнирінің күміс жүлдегері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.