«Елімізде алтын мен күмісті өңдеумен үш аффинаж зауыты («Тау-Кен Алтын» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС) айналысады. Өңделген алтын мен күмістің сапасы Лондон нарық қауымдастығында қабылданған бағалы металдар (LBMA) халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді», - деді министрліктен агенттіктің сауалына орай.
Ведомство мәліметінше, елімізде алтын мен күмісті өңдеумен «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-ның үш аффинаж зауыты айналысады. Олардың ішінде «Қазмырышта» ғана швейцариялық Glencore AG компаниясының шетелдік үлесі бар.