Елімізде жаңа мамандықты тегін оқып, жұмысқа орналасуға болады

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде жаңа мамандықты тегін игеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana Pro

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, жұмыссыз азаматтарға сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жалғасып жатыр.

Соңғы үш жылда:

30 387 адам оқудан өтті;

21 781 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Мемлекет оқу ақысын төлейді, шәкіртақы тағайындайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық тексеруден өту, жол жүру және тұру шығынын өтейді.

Бұл бағдарламаның қалай жұмыс істейтіні туралы толығырақ бейнематериалымыздан көре аласыз.

Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысының нәтижесінде Қазақстанда 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.