Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ІІД-нің құрылымдық бөлінісі болып табылады, деп хабарлады ведомстводан.
Астана қаласы әуежайындағы ЖПБ қызметкерлері Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін және онда болуын, сондай-ақ еліміз арқылы шетелдіктердің транзиттік өтуін қадағалайды.