«Хан Шатыр» ОСО алдындағы алаңда көкке әуелеген әсем от шашу оны тамашалағандарға айрықша әсер сыйлады. Сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы фейерверк жарқылы да сол аудандағы мерекені атап өтушілердің көңілінен шықты.
02:15, 07 Шілде 2017
Елорда күніне орай мерекелік от шашу ұйымдастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күні мерекесі дәстүрлі отшашумен аяқталды. Астананың үш ауданында мерекелік фейерверк атылды, оның әдемі әрі ұзағын қала тұрғындары мен қонақтары Есіл өзені жағалауынан тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.