Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда, Маңғыстау, Ақмола және Ақтөбе облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

23 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінденайзағай ойнап, солтүстік, солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын желсоғады. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.

23-24 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінденайзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыс, батыстан ескежелдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 23 шілдеде түнде және таңертең тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда 23-24 шілдеде найзағай ойнап,дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыс, батыстан еске желдің екпіні 15-18м/с болады.

23 шілде күні түнде Ақтөбе облысының кейжерлерінде найзағай ойнайды.