«Бүгін, 16 қыркүйекте елорда аумағында аса ауыр қылмыс жасалды. Осыған байланысты күдіктіні ұстау үшін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Қаладан шыға берістерге блокбекеттер қойылып, «ұстап алу» жоспары жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
18:46, 16 Қыркүйек 2021
Елорда полициясы қаладан шығатын жолдарға блокпостар неге қойылғанын түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен бір азаматтың ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.