«Әлеуметтік желілерде 14 қарашада тараған аталмыш видеоға қатысты Полиция департаменті жедел іздестіру шаралары барысында 24 жастағы қала тұрғынын анықтады», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір видеодағы жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, бұған дейін «Астана-сергек» Instagram парақшасында жас жігіттің қару ұстап, «Астана біздікі» деген видеосы тараған болатын. Видеода жас жігіт бірнеше қаруды ұстап, былапыт сөздер айтады.