Елордада 165 769 адам шағын және орта бизнеспен айналысады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнеспен айналысатындар саны 2013 жылдың 1 қаңтарында 3,9%-ға өсіп, 165 769 адамды құрады.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнімдер өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға ұлғайып, 1052262 мың теңгені құрады.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,0% азайып, 47772-ні құрады. Олардың - 6685-і заңды тұлға, 41082-сі - жеке кәсіпкер, 5-і - шаруа қожалығы болып табылады.