«Бүгін «102» арнасына «My car» және «Lexus» автосалондарының, сондай-ақ «Хан Шатыр» және «Mega Silk Way» сауда және ойын-сауық орталығының электронды мекенжайына жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабар келіп түскен», - дейді полиция департаментінен.
Хабарламада айтылғандай, қазір жедел қызмет аталған нысандарды тексерумен айналысып жатыр.
Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауап көзделетінін ескертеді.
«Азаматтардан дүрбелең тудырмай, өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген мәліметте.