Елордада БҚО күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында БҚО күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қазақ күресінен 70 келіге дейін салмақта Қорғанбек Молдашев (Астана) бірінші, оралдық Бекайдар Меңдешев екінші, тағы бір астаналық Данияр Темірханов үшінші орынға ие болды. 70 келіден жоғары салмақта Мерей Ибатов, Жанайдар Меңдешев, Бекайдар Меңдешев жүлделі орындарды бөлісті.


Көкпардан БҚО-ның Жәнібек, Зеленов және Ақжайық командалары алдыңғы үш орынды еншіледі.

Аударыспақтан 70 келіге дейін салмақта Нармағанбет Иманғазыұлы жеңімпаз атанса, Әділ Оңғарбаев пен Мақсот Ғалым сәйкесінше екінші, үшінші орынға көтерілді. 70 келіден жоғары салмақта Мейрамбек Құсайынов, Қолғанат Серіков және Жанәділ Ғазезов жүлдеге ілікті.

Сонымен қатар жамбы ату, теңге ілуден көрсетілімдер болды.