Елордада бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Қаржы министрлігінде бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау жүйесін жетілдіру тақырыбында дөңгелек үстел өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиын барысында Қаржы министрлігі жанынан аудиторлық қызмет бойынша кеңес құру, еліміздегі бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау мәселелері қаралды. Сондай-ақ онда Дүниежүзілік экономикалық форумының зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстандағы «Аудиттеу және есептілік стандарттарының дәрежесі» (Бәсекелестіктің ғаламдық индексі) көрсеткішін жетілдіру турасындағы ұсыныстар талқыланды «Біз консультациялық кеңес құруды ұсынып отырмыз. Бухгалтерлік есеп заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру, бухгалтерлік есеп саласында ұсыныстар әзірлеу бойынша консультативтік орган құру шаралары анықталған. Консультациялық кеңес органы болғандықтан, біз бұл органның құрамы мен өкілеттілігін кеңейтіп, оның өкілеттілігіне аудитті дамыту мәселесін енгізуді ұсынамыз», - деді Қаржы министрі Болат Жәмішев.