Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, семинарлар «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшін мұражай қызметкерлерінің және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру және жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар әлеуметтік-мәдени қызметі үшін оқу-тәрбиелеу мекемелерінің, соның ішінде экскурсовод пен келушінің жұмысын толықтыратын және тереңдете түсетін мұражай аудиториясын және оның келушілерге әсерін зерттеуді міндет еткен. «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешенінен astana.kz сайтына хабарлағандай, семинар жұмысына Астана мен Алматының 49 мұражай қызметкері қатысады. Шеберлік сыныбын ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, мәдениет пен туризмнің құрметті қызметкері, экскурсия өткізу ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі, ИКОМ Қазақстан мүшесі Бақытхан Оразымбетова өткізеді. «Тиімді коммуникация машықтары» және «Шешендік өнер» тақырыбындағы бизнес-тренингтерді «Харизма» оқыту және дамыту орталығының жетекшісі Людмила Серекбаева өткізеді.
12:30, 26 Ақпан 2014
Елордада «EXPO-2017» көрмесіне мұражай қызметкерлері мен экскурсоводтар дайындалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-27 ақпанда Астанада «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешенінде «Мұражайда экскурсияларды дайындау және өткізу әдістемесі» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына кешеннің баспасөз қызметінен хабарлады.