НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Ертең, 28 тамыздан бастап елордада қоғамдық көлік жұмысы сағат 23:00-ге дейін ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, автобус ішіне бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді.
Еске сала кетейік, жол жүру ақысын көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жіберу, QR-код сканерлеу арқылы және басқа да қолма-қол төлемсіз өтеуге болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.