Елордада көпір салған компания жұмысшыларына үш айдың жалақысын берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көпір салған компания жұмсшыларының 5-6 айда берілмеген жалақысының 3 ай бойынша берешегін өтеді, Қалған ақша таяу күндері беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

8 тамызда сағат 10.00-де вахталық әдіспенжұмыс істейтін 26 жұмысшы елордада салынып жатқан көпірдің жанына жиналып,жалақы бойынша берешекке байланысты наразылықтарын білдірді.

«Құрылысшылар жиналған орынға Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары ТөлегенОспанқұлов пен Нұр-Сұлтан қаласының бас еңбек инспекторы Ерлан Бердалин барды.

Нәтижесінде 26 қызметкердің 5-6 айберілмеген жалақысы бойынша берешек сома шамамен 13 миллион теңге екені белгіліболды.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қонкомитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов пен ЖШС басшысы ТимурНакусовтың әңгімелесуі барысында жұмыс беруші қызметкерлерге жалақы бойыншаберешекті толығымен төлеу жөнінде уәдеге қол жеткізілді», делінген хабарламада.

9 тамыздағы жағдай бойынша жұмысшыларға үшайлық жалақы бойынша берешек өтелді. ЖШС басшысы берешек қалған бөлігін жақынкүндері төлеуге міндеттеме алған.

Сонымен бірге, компания қызметкерлеріЕңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне ұжымдық арыз жазып, қазіргі уақыттаоған сәйкес компанияның Қапшағай қаласындағы бас кеңсесінде жоспардан тыстексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар